384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық 600 түлек ҰБТ тапсырып жатыр

  • 570
  • UPD: 09:45, 20.06.2019

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тест біріктірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл 117 мыңнан аса адам сынаққа қатысады. Олардың 72 проценті – мектеп түлектері. Еліміз бойынша тестің алғашқы легіне 13068 адам қатысуға ниет білдірген.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

– Елордада үш тест тапсыру орны белгіленді. Тест тапсырушылардың алғашқы легі, оның ішінде 600 мектеп түлегі осында жиналды. Оларға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ақ тілегін арнап, тек өзіне, біліміне сенуге кеңес берді. Сынақ тапсырушылардың қобалжып тұрғаны анық. Ата-аналар мен ұстаздар, тіпті бүкіл қазақстандықтар олар үшін тақымын қысуда. Жалпы сынақ 9-да басталып, үш жарым сағатқа созылады. Биыл жергілікті билікке тест тапсырушыларға ерекше жағдай жасау тапсырылған. Яғни балалардың күннің астында көп тұрып қалмауы, оларға сусындардың берілуі назарға алынуы тиіс. Сондай-ақ жедел жәрдем мен тәртіп сақшылары да осында. Биыл Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 400 түлек ҰБТ-дан босатылған. Олардың дені ЖОО-на шақырту алып үлгеріпті. Тест нәтижесі бойынша грантқа іліге алмағандар ақылы негізде жоғары білім алу үшін тағы үш мәрте бақ сынай алады. ҰБТ бағасы – 2242 теңге.

Хабар 24 телеарнасы