386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Шымкент қаласының жаңа әкімін қабылдады

  • 273
  • UPD: 16:00, 02.08.2019
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының жаңа әкімін қабылдады akorda.kz

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді-мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Хабар 24 телеарнасы