389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мейрамханадағы өрт. Оқиға орнынан тікелей қосылым

  • 478
  • UPD: 18:44, 06.08.2019

Елордада ірі мейрамхана өртенді. Ғимараттың шатыры жанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалын шарпыған аумақ – 200 шаршы метрдей. 6 өрт сөндіру техникасы мен 30 құтқарушы кешікпей жетіп, отты сөндірді. Әйтеуір ешкім зардап шеккен жоқ. Мейрамхана қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенше өз бетінше ғимараттан дереу шығып үлгерген. Алдын ала мәліметтер бойынша оттың тұтануына шатырда жүргізілген жөндеу жұмыстар себеп болуы мүмкін.

Марғұлан Аманбаев, қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы:

– Бүгін 15.09-да біздің диспетчерлік бөлімге телефон шалды. Өрт сөндірушілер ғимаратқа 3 минуттың ішінде келді. Өйткені Тұран даңғылы бойында өрт сөндіру депосы орналасқан. Қазіргі таңда төбе шатырының жану шаршы метрі 200 квадрат. Өрт қауіпсіздігі сақталмаған.

Хабар 24 телеарнасы