385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Смағұл Елубайды қабылдады

  • 208
  • UPD: 17:31, 12.08.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Смағұл Елубайды қабылдады akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады.

Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы