385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ Гонконгтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

  • 132
  • UPD: 12:25, 15.08.2019
ҚР СІМ Гонконгтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады cont.ws

Гонконгтағы (ҚХР) жағдайдың шиеленісуіне байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

«Гонконгтағы (ҚХР) жағдайдың шиеленісуіне және жаппай наразылық акцияларының жалғасуына байланысты Қазақстанның Гонконгтағы Бас консулдығы біздің азаматтарға қалада қалыптасқан төтенше жағдайды ескеруді ұсынады.

Осы ретте адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, жиындарға, демонстрацияларға қатыспау, қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ жергілікті билік органдары мен БАҚ-тың жағдайдың дамуы туралы хабарламаларын бақылау ұсынылады», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар әуе рейстерінің жиі кешігуіне байланысты рейс уақытын алдын ала біліп отыруға кеңес берілді.

«Гонконг әуежайында әуе рейстерінің кестеден алып тасталуы немесе кідіруі байқалады. Осыған байланысты әуежайға шығар алдында рейстің жағдайын алдын ала тексеру қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда консулмен келесі номерлер арқылы дереу хабарласуларыңызды сұраймыз: +852 5689 6282, +7 778 001 6442 (What’sApp)», – деп жазады ҚР СІМ.

Хабар 24 телеарнасы