387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге жұмыс сапары басталды

  • 267
  • UPD: 11:56, 07.09.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге жұмыс сапары басталды.

Елбасы борты кеше қас қарайған кезде Мәскеуге келіп қонды. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесіп, Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы «Қазақстан» павильонын аралайды деп жоспарланған. Айта кетейік, былтыр павильонды жөндеу жұмыстары қолға алынып, биыл аяқталды. Сонымен қатар Елбасы Мәскеу қаласының 872 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды тамашалайды. Бұдан бөлек бүгін Ресейдегі Қазақстанның мәдениет күндері басталады. Отандық мәдениет қайраткерлері бес күн бойы Мәскеу сахналарында өнер көрсетпек. Қазақстандық кино туындылар да көрермен назарына ұсынылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы