387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Си Цзиньпин мен Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен мәлімдеме жасады

  • 182
  • UPD: 18:03, 11.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары жалғасып жатыр.

Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин әріптесін Халықтар жиыны үйінде күтіп алды. Алып алаңдағы алғашқы кездесуден соң мемлекет басшылары жеке кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша Си Цзиньпин мен Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен мәлімдеме жасады. Сондай-ақ тараптар 10 шақты құжатқа қол қойды. Оның ішінде авиациялық іздеу және азаматтық әуекемелерін құтқару жөнінде үкіметаралық келісім, «Нұрлы жол» мен «Жібек жолы экономикалық белдеуін» бірлесе жүзеге асыру жөніндегі меморандум, Қытайға эспортталатын қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері туралы протоколдар бар. Айта өту керек, президенттің сапары ертең де жалғасады. Мемлекет басшысы Ханчжоу қаласына барып, атақты «Алибаба» компаниясының жұмысымен танысады.

Хабар 24 телеарнасы