389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевтың мемлекет басшысы лауазымына кіріскеніне 100 күн

  • 411
  • UPD: 11:25, 19.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы қызметіне келгеніне 100 күн.

Яғни ресми ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті және сол шарада алғашқы бастамалары да айтылды. Оның ішінде ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруға қатысты ұсыныс болатын. Ал қыркүйектің басында сол кеңестің бірінші отырысы өтті. Оның құрамына кірген 40 маман әр саладағы көкейкесті мәселелерді көтеріп, оны шешуге қатысты ұсыныстарын айтты. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі өзгерістер азаматтық қоғам пікірінің сараптамасы негізінде орын алатынын жеткізді. Бұған қоса, осы жүз күн ішінде Президент әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілетін көмекті тездетуді тапсырды. Ал банкке қарызы барлардың несиесі кешірілді. Сонымен қатар мұғалімдер мен дәрігерлердің айлығы кезең-кезеңмен өсе бастады. Ал 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жолдауын таныстырды. Маңызды құжатта шағын бизнесті салықтан босату, зейнетақы қорындағы қаржыны қолдану және зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейту сияқты бірқатар өзекті бастама бар. Бұған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жиындарына қатысты.

Хабар 24 телеарнасы