387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден көшбасшы аймақтар анықталды

  • 196
  • UPD: 15:05, 01.11.2019
Елімізде медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден көшбасшы аймақтар анықталды

Медициналық сақтандыру қорына өткен қыркүйек айының өзінде 9,3 млрд теңге жарна түсті.

Ал жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен жарнаның жалпы көлемі 214,4 млрд теңгені құрады. Оның 205,5 млрд теңгесі, яғни шамамен 95,9% жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд теңге, яғни 4,1% жуығы жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісім-шарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтық тұрғыдан алғанда Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы жарна төлеу жағынан көш бастап тұр. Бүгінге дейін «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» еліміздің медициналық ұйымдарына халыққа көрсеткен қызметі үшін 697 млрд теңге төледі. Жинақталған қаржы ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Бұл қаржы халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады.

Хабар 24 телеарнасы