388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

  • 126
  • UPD: 21:43, 07.11.2019

Омбыда Қазақстан мен Ресейдің он алтыншы өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға екі ел басшылары, Үкімет мүшелері мен бизнес өкілдері қатысып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бері көрші елге 3 рет сапарласа, Владимир Путинмен бүгінге дейін 4 рет екіжақты кездесу өткізді. Ал бұл жолы іргедегі көршіміз ауқымды аймақаралық жиынға ұйытқы болып отыр. 16 жыл бойы үздіксіз өтіп келе жатқан форум алғаш рет 2003 жылы тап осы Омбыдан бастау алған. Былтыр Петропавлда өтсе, келер жылғы кезек Көкшетауда. Бұл жолғы форум шекара маңындағы мәселелерді шешуге арналды. Өйткені екі елдің іргелес облыстарында қазір 35 миллиондай халық тұрады, бизнес өкілдері де тығыз байланыста. Сондықтан осы өңірлердің экономикалық қарым-қатынасын нығайтуға көп көңіл бөлініп отыр. Осы сәтте екі ел президентінің қатысуымен, жекелеген және кеңейтілген құрамдағы кездесулер өтіп жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы