384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Қ.Тоқаев бастамаларын қолдау мен жүзеге асыруда ауызбіршілік танытуымыз қажет

  • 216
  • UPD: 18:05, 25.11.2019

«Nur Otan халықтық партия және саяси ұйым ретінде өз тиімділігін іспен талай дәлелдеді. Еліміздің болашағына жауапты екенін көрсетті. Алдағы уақытта да осы қарқыннан, партияның жоспарына сәйкес аянбай жұмыс жасап, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамаларын қолдау мен жүзеге асыруда ауызбіршілік танытуымыз қажет».

Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы аймақтық филиалдары өкілдерінің басқосуында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған қоса, Елбасы 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарын түсіндіруді дұрыс ұйымдастырудың маңызына тоқталды. Басқосу барысында Үкімет тарапынан жасалып жатқан шаралар мен жоспарлар да сөз болды. Сәйкесінше, оны іске асырудағы партия өкілдерінің рөлі атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев партияның бірқатар белсенді азаматтарына «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін табыстады.

Хабар 24 телеарнасы