414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутпен жеңді

  • 511
  • UPD: 08:48, 21.12.2019
Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутпен жеңді Prosports.kz

Бүгін, 21 желтоқсанда Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

АҚШ-тың Финикс қаласында өткен бокс кешінде «Қазақ найзағайы» деген лақап атқа ие болған Елеусінов америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасып, нокаутпен жеңіске жетті. Қос қарсылас Дэниел  Джейкобс (35-3, 29 КО) пен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жектің андеркардында жұдырықтасты.

Алан Санчес осыған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіліс тапса, қарсыластарын он рет нокаутқа түсіріпті.

Ал Данияр кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, оның бесеуін нокаутпен жеңген. Сонысымен де жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылардың қатарында жүр.

Хабар 24 телеарнасы