Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс білдірді.
«Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті», - деп жазды Президент.
Еске салайық, 27 желтоқсан күні апаттық-құтқару жұмыстарына мыңға тарта адам мен 70 техника және 30-дан аса жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетті.