379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранның әуе кеңістігі арқылы Қазақстанға қанша рейс жасалады

  • 541
  • UPD: 17:55, 08.01.2020
Иранның әуе кеңістігі арқылы Қазақстанға қанша рейс жасалады

Азаматтық авиация комитеті Иран әуе кеңістігі арқылы ұшатын қазақстандық әуе тасымалдаушы компаниялар туралы ақпаратты жариялады.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Иранның әуе кеңістігі арқылы екі қазақстандық әуе тасымалдаушы – Air Astana және SCAT тұрақты рейстерді орындайды. «Air Astana әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Нұр-Сұлтан – Дубай (аптасына 5 рет) және Алматы – Дубай (аптасына 10 рет) бағыттары бойынша ұшуларды орындайды. SCAT әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Алматыдан Медина мен Жиддəға (аптасына бір рет) екі тұрақты рейсті және Алматы – Шарм Эль-Шейх және Шымкент – Шарм Эль-Шейх бағыттары бойынша екі тұрақты емес рейсті орындайды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, БАӘ әуе компаниялары Fly Dubai – (Дубай – Нұр-Cұлтан – аптасына 5 рейс, Дубай – Алматы – аптасына 7 рейс), Etihad (Әбу-Даби – Нұр-Сұлтан – аптасына 2 рейс) Air Arabia (Шарджа – Алматы – аптасына 5 рейс) Иранның әуе кеңістігі арқылы Қазақстанға тұрақты ұшуларды (барлығы аптасына 19 рейс) орындайды. Mahan Air ирандық әуе компаниясы Тегеран – Алматы бағыты бойынша тұрақты түрде ұшады.

Қазақстандық әуе компанияларға Иранның әуе кеңістігі арқылы ұшудан бас тарту ұсынылды. Олар қалыптасқан жағдайға байланысты көрсетілген ұшуларды тиісті елдердің навигациялық қызметтерінің келісімі бойынша Иран әуе кеңістігіне баламалы әуе жолдары орындау мәселесін пысықтауда.

Бортында 180 жолаушы болған Украина лайнері Тегеран әуежайында апатқа ұшырады. Әуе кемесінің құлау сәті видеоға түсіп қалған.

Қызыл Жарты ай өзінің Twitter-дегі парақшасында Тегерандағы украиналық ұшақтың құлаған орнынан суреттер жариялады.

Тегеран әуежайынан шыққаннан кейін апатқа ұшыраған украиналық Boeing-737 ұшағындағы барлық жолаушы қаза тапты.

ҚР СІМ Иранда құлаған ұшақ ішінде қазақстандықтардың болмағандығын растады.

Тегеранда апатқа ұшыраған ұшақ 3 жарым жыл уақыт қолданыста болған.

Хабар 24 телеарнасы