447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті Дубай инвестициялық корпорациясының атқарушы директорымен кездесті

  • 154
  • UPD: 20:00, 28.01.2020
ҚР Президенті Дубай инвестициялық корпорациясының атқарушы директорымен кездесті

Кездесу барысында қаржы саласындағы өзара ынтымақтастыққа және «Астана» халықаралық қаржы орталығының одан әрі даму перспективасына қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар Дубай инвестициялық корпорациясының Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасына және «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының жұмысына белсенді қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мухаммед аш-Шайбаниге Қазақстан активтеріне инвестиция салуға және сатып алуға қызығушылық білдірген жағдайда біздің мемлекеттік құрылымдардың инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы