432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қордай ауданындағы оқиғадан болған шығын мөлшері анықталды

  • 1240
  • UPD: 10:03, 11.02.2020

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан шамамен 1 миллиард 7 миллион теңге шығын келген. 

Сарапшы мамандар үш күн бойы мүліктерді санап, зерттеп, зерделеп осындай қорытынды шығарды. Енді бұл материалдық шығын заңға сәйкес шетінен төленеді. Бірақ ол үшін тұрғындардың құжаттары түгел болуы керек. Бұл бағытта мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары жергілікті жерде жұмыс істей бастады. 

Руслан Бақытбекұлы, тілші: 

- Армысыздар! Міне мынау Сортөбе ауылы әкімдігінің ғимараты. Мамандар тұрғындарды осы жерде қабылдайды. Таңғы сағат 9-дан кешкі 19:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Қазір қолдарында мүлік иесі екенін растайтын құжаты жоқ адамдар бар. Тұрғындардың айтуларынша, көпшілігі құжаттарын жанжал кезінде жоғалтқан. 

Олардың құжаттары талапқа сай болмаса өтемақы толық берілмейді. Қазір төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтармен жұмыс жасау мақсатында арнайы топтар құрылған. Жұртқа ыңғайлы, әрі қолжетімді болу үшін Масанчи, Сортөбе, Бұлар батыр елді мекендерінде жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Мамандар жұрттың өтінішін тіркеп, осы жерде қабылдайды. Бүгінгі күнге дейін 22 азаматқа жеке куәлік, 18 балаға туу туралы куәліктер берілген.

Хабар 24 телеарнасы