429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар облыста жол жабық

  • 651
  • UPD: 09:22, 19.02.2020
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар облыста жол жабық

Арқада ат құлағы көрінбейтін боран. Нұр-Сұлтаннан сыртқа қатынайтын жолдың бәрі жабық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа райының қолайсыздығына Республика бойынша байланысты ұзындығы 4862 шақырым 23 автожолда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың 19,5% құрайды. Жалпы жол қозғалысы 6 облыста жабық: республика бойынша арнайы 732 техника жұмыс жасауда қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады деп ескертеді «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамы. Және жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажет екендігін хабарлайды. Сонымен қатар сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы