418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев бірқатар мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

  • 286
  • UPD: 20:29, 27.02.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Ақордада өткен салтанатты рәсім кезінде алдымен мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсетілді.

Президент Түркия, Болгария Республикаларының және  Сауда Арабиясы Корольдігінің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдай отырып, дипломатиялық қызметтеріне сәттілік тіледі. Әрі елдер арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Уфук Экиджи, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Қазақстан - біз үшін бауырлас әрі серіктес мемлекет. Елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға барлық күш-жігерімді саламын. Екі мемлекет барлық салада тағыз байланыс орнатқан. Біз инвестиция және сауда-саттық салаларын одан әрі ілгерілетуге жіті мән беріп отырмыз. Мен үшін бауырлас елде қызмет қылу – үлкен мәртебе. 

Боян Хаджиев, Болгария Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Мен үшін бұл жауапты қызмет. Жақында Болгария Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді. Мемлекет басшыларының кездесуі екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамытуға септігін тигізбек. Бірнеше маңызды құжатқа қол қойылады деп күтілуде. 

Абдулазиз Абдулла Алдауд, Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Сауд Арабиясы Қазақстанмен барлық салада ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Біздің тарап тығыз қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын.

Хабар 24 телеарнасы