417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ халқының ұлы тұлғасы

  • 259
  • UPD: 20:47, 06.07.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өз сөзінде ел Президенті Қазақстанның дамуы жолында Елбасының рөлі ерекше екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бүгін тарихи күн. Елбасы 80 жасқа толып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ халқының ұлы тұлғасы. «Еліміздің ұлы қайраткері, ұлы перзенті» деп Елбасын шетелде де мойындайды. Әр халық өзінің көрнекті тұлғасымен белгілі. Әрбір ұлт тарихи қайраткерлерімен мақтануы керек. Елбасы заманауи мемлекет құрды. Әлем картасында еліміздің шекарасын белгіледі. Мұны бүгінде Елбасын мерейтойымен арнайы құттықтап жатқан әлемнің салмақты саясаткерлері айтып отыр. 80 жас әр адамның өміріндегі аса маңызды кезең. Нұрсұлтан Әбішұлына ұзақ өмір тілеймін. Ол әлі халқымыз бен еліміз үшін қалтқысыз қызмет етеріне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы