420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Мақтаарал мен Арысқа барды

  • 203
  • UPD: 16:26, 20.08.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Президент алдымен Мақтаарал ауданында болды. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнап салынып жатқан үйлерді аралады. Құрылыс барысымен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен кездесті. Президент су тасқыны кезінде мемлекет шұғыл шешім қабылдап, ауданды қалпына келтіру үшін қазынадан қаржы бөлінгенін, осындай сын сәтте бүкіл халқымыздың ұйымшылдық танытқанын атап өтті.

Кейін Арысқа аттанды. Бұдан соң Түркістан қаласына барады деп күтілуде.

Қорған Төреқожа, тілші

Хабар 24 телеарнасы