424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ведомствоаралық комиссия шектеулерді жеңілдетудің екінші кезеңін мақұлдады

  • 283
  • UPD: 16:25, 26.08.2020
Ведомствоаралық комиссия шектеулерді жеңілдетудің екінші кезеңін мақұлдады

ҚР премьер-министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды, деп хабарлады primeminister.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары ел бойынша COVID-19 инфекциясын 10 есе, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есе, ауруханада жатқандардың санын 80% төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобильді бригадалар саны 7,6 есе артқанын хабарлады.

Қол жеткізілген оң әсерді ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап мына нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:

діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);

бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);

жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы);

спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);

мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50% аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу);

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т.б. (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр, бетперде тағу);

қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

«Барлық нысан тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңірлердің әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет», - деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы