420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 1 тамыздан бері 313 адам пневмониядан көз жұмған

  • 216
  • UPD: 09:50, 06.09.2020
Елімізде 1 тамыздан бері 313 адам пневмониядан көз жұмған

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 151 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 31 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 761  науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.   

2020 жылғы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 423 жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 83 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамыздан 6 қыркүйекке дейін:

Науқастар саны – 27 623, өлім жағдайлары - 313, барлығы 5957 адам сауығып шықты.

Хабар 24 телеарнасы