386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астананың үздік мұғалімі анықталды

  • 1459
  • UPD: 17:28, 20.05.2017

Елордада үздік мұғалім анықталып, № 73 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Бапанова озық шықты.

Байқауға қатысқандардың ішінде Гүлжан – ең жас қатысушы. Жалпы бұл сында 37 мұғалім бақ сынады. Алғашқы айналымда ұстаздар шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, қызметтегі жетістіктерін таныстырды. Одан кейін бейнетаспаға жазылған сабақтарын көрсетті. Үшінші кезеңде 8 мұғалім іріктеліп шықты. Ал шешуші сында ұстаздар өздерінің жеке шеберліктерін байқатты. Қазылар алқасы білім басқармасының өкілдері, блогерлер және ата-аналар комитеті мүшелерінен құралған. Гран-При иегеріне 1 миллион 745 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.

Әнуар Жанғозин, Астана қаласы білім басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы:

– Бүгін үшінші кезеңге өткен 8 мұғалім өз өнерлерін, тәжірибелерін көрсетті. Енді олар республика деңгейінде өтетін жыл мұғалімі сайысында елорданың намысын қорғайтын болады. 

Хабар 24 телеарнасы