360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда алғашқы кәсіби-техникалық білімді тегін беру мәселелері талқыланды

  • 311
  • UPD: 10:36, 09.01.2018

Еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру саласының оқыту жүйесіндегі жаңалықтар.

Атырауда «Білім туралы» заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде мамандардың ұсынысы тыңдалды. Алқалы жиынға Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары және халықаралық сарапшылар мен кәсіби-техникалық білім беру ісімен айналысатын еліміздегі алпыстан астам колледждің басшылары қатысты. Жиында дуальды оқыту жүйесі, жұмыс берушілермен байланыс, жас мамандарға сертификат-лицензиялар беру және қазақстандықтардың алғашқы кәсіби білімді тегін алуы секілді өзекті мәселелер талқыланды.  

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары: 

- Әрбір аймақта сол өңірдің негізгі кәсіп көздерінің ерекшелігіне байланысты маман даярланатын болады. Мысалы, батыста мұнай-газ, солтүстік пен оңтүстікте аграрлық сала, орталық облыстарда тау-кен кәсіпшілігіне қажет мамандарды оқыту бүгінгі еңбек нарығының басты талабы. Осы мақсатта әр салаға нақты  қажет маман даярлау үшін еліміз бойынша 20-дан астам арнайы орталық құрылатын болады. Бұл болашақ жас мамандарды жұмыспен қамту мақсатында қолға алынып жатқан жобалардың бірі.

Хабар 24 телеарнасы