385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға болады

  • 944
  • UPD: 18:58, 25.04.2018

Келер оқу жылынан бастап 3, 6, 8 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнына көшеді.

Қазірдің өзінде жаңа оқулықтар дайын. Апробация жүргізілуде. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті. Дәл қазір «Қазмедиа» орталығында ведомство басшысының есеп беру кездесуі өтіп жатыр.

Кездесу аяқталуға жақын. Білім және ғылым министрімен жүздесуге келгендердің қарасы қалың. Мұнда еліміздің білім беру саласында өзгерістер жайы талқыланып жатыр. Қатысушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, тиісті мамандар жауап беруде.

Биыл түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсыра алады. Бұл мектеп бітірушілердің өз еркінде. Демек тілді таңдауға шектеу қойылмайды. Қазірдің өзінде 170-ке жуық оқушы ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірген екен. Көрсеткіш өсуі де мүмкін. Өйткені оқу жылының аяқталуына әлі бір айдай уақыт бар. Ерлан Сағадиев биыл тестілеу ережесіне айтарлықтай өзгеріс енгізілмегенін тілге тиек етті. Түлектер бұрынғыдай 5 сабақтан сынақ тапсырады. Оның үшеуі негізгі пән. Қалған екеуі таңдау пәні. Мамандар қазір тест сұрақтарының 50 пайызғы жуығы жаңартылды деп отыр.

Биыл мамырда мұғалімдерді аттестациядан өткізу жұмыстары басталады. Оның жаңа жүйесі, тестілеу сұрақтары дайын. Қазірдің өзінде 60 мың мұғалім өз еркімен осы аттестациядан өтуге өтініш білдірген.

Авторы: Әсел Тұмашқызы

Хабар 24 телеарнасы