367.63 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның жоғары оқу орындары QS рейтингінде

  • 301
  • UPD: 10:18, 23.05.2018

Қазақстан ең мықты жоғары білім жүйесі бар елдердің рейтингінде 75 мемлекеттің ішінен 37-орынды иеленді.

Бұл туралы Ресей халықтар достығы университетінде өтіп жатқан QS Worldwide халықаралық конференциясында мәлім болды. Британдық Quac-quarelli Symonds компаниясының рейтингі – әлемдегі ең ықпалды тізімнің бірі. ТМД елдері бойынша Ресей көш бастап, жалпы көрсеткіште 15-орынға жайғасқан. Украина – 44, ал Беларусь 45-орында. Ал әлем бойынша ең үздік үштіктің қатарында АҚШ, Ұлыбритания және Австралия бар. Рейтинг 2004 жылдан бері жарияланып келеді. Құрамына сегіз қазақстандық университет кіреді. Олардың қатарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті бар. Әлемдегі ең үздік университеттер оқыту сапасы, академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, сондай-ақ шетелдік студенттер мен оқытушылар саны сияқты көрсеткіштер бойынша анықталады.

Нунцио Квакварелли, QS Quacquarelli Symonds компаниясының негізін қалаушы:

- Мемлекет білім саласына ерекше көңіл аударып отырғандықтан, Қазақстан университеттері рейтингте жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Соңғы 14 жылда қазақстандық ЖОО өз қызметін дамытуда жақсы серпіліс жасады.

Ерлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры:

- Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны осы рейтингке еніп отыр. Рейтингке кірудің өзі үлкен шаруа. Ал оның ішінде алға жылжу дегеніміз қиын. Мыңның ішіне кіріп алсаңыз, топқа кірді деп есептелінеді. Біздің алдымызда да үлкен жауапкершілік тұр. Қазіргі көрсеткішімізді әрі қарай дамытып, жоғарылатуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы