365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 3,5 мыңнан астам түлек ҰБТ сынағын тапсырады

  • 565
  • UPD: 12:39, 13.06.2018

Батыс Қазақстан облысында биыл 5192 оқушы мектеп бітірді. 3750 түлек алдағы ҰБТ сынағына қатысады деп жоспарланған.

Айта кету керек,  ұлттық бірыңғай тестілеу форматының өзгеруіне байланысты талапкерлер мамыр айының 29 мен маусымның 9-ы аралығында қорытынды аттестаудан өтті. Ендігі меже  ҰБТ, яғни жоғарғы оқу орына түсуге арналған емтихан. Өңірдегі барлық тестілеу өткізу бекеттері талапқа сай жабдықталған. Оқушылардың тасымалы, қонуы мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету жағы да пысықталған. Жалпы өңірде ҰБТ-ді ұйымдастыруға 7 миллион 582 мың теңге бөлінген. Тестілеуді өткізу мен ұйымдастырудағы ерекшеліктерге келсек, оқушы белгілі бір себепті жағдайлармен қатыса алмаған жағдайда келесі ауысыммен тапсыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар мектепте оқыту тіліне қарамастан, талапкер өз қалауына сай тілде тестілеуді тапсыра алады.   

Әлібек Есімов, №721-ұлттық тестілеу орталығы филиалының жетекшісі: 

- ҰБТ өткізу 6 аудиторияға бөлініп тұр. Олардың барлығы да ҰБТ  технологиясына байланысты жабдықталған. 6 аудиторияда да металл іздегіш және видеокамера орнатылған. Ұялы телефондардың тұншықтырғыштар орнатылған бәріне де.

Светлана Темірғалиева, БҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

 - Маусымның  20,21,22-сі біздің облыста ҰБТ өткізу күндері белгіленді. ҰБТ біздің облыста сол бұрынғыша 9 пункт, оның екеуі оралда, жетеукі аудан орталықтарында. 20 маусымда ақжайық, бөрлі, бөкей орда, жәнібек, қаратөбе, қазталов, сырым, тасқала және шыңғырлау аудандары тапсырса, 21 маусымда Жаңақала ауданы тапсырады. Және екі кезеңде 20-22 маусым аралығында Зеленов, Теректі, Орал қаласының оқушылары тапсырады.

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында студенттік жатақханалар құрылысы басталады Ақмола облысындағы компьютер курстарын жастармен бірге аға буын өкілдері игереді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы