365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада халықаралық «Бурабай форумы» өз жұмысын бастады

  • 141
  • UPD: 20:07, 08.08.2018
Астанада халықаралық «Бурабай форумы» өз жұмысын бастады

Астанада ауыл шаруашылығы, инновациялық технологиялар, туризм, физика мен гуманитарлық ғылым салаларын талқылауға арналған халықаралық «Бурабай форумы» өз жұмысын бастады.

Оған 40 жасқа дейінгі ғалымдар ғана қатысады. Биылғы басқосуға Қазақстан, Ресей, Литва, Беларусь, Армения сынды сегіз елдің өкілдері жиналды. Олар үш күн бойы қазір жұмыс істеп жатқан және енді қолданысқа енгізетін жобалар бойынша өзара пікір алмасады. Мәселен Литваның сутегінен электр энергиясын өндіру тәжрибесі көптің қызығушылығын тудырды. Сонда жұмыс істейтін Нұрсұлтан оның тиімділігін өз көзімен көрген жас ғалымның бірі.

Нұрсұлтан Қайыңбаев, жас ғалым:

-Бұны көлікте қолданамыз. Бұны станционар түрде орнатып, осы ғимаратымызды толықтай электр энергиясымен қамтамасыз етуге болады. Барлық технологияларда қолдануға болады. Ең бастысы, бізге ауа райымызды, табиғатымызды сақтау. Сол себептен осы технологиялар енгізіліп жатыр.

Осы категория бойынша: « Елімізде Өлкетану пәні енгізіледі Алматыдағы қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі қаржыға зәру »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы