374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық оқушылар Өлкетану пәнін оқиды

  • 173
  • UPD: 13:52, 11.08.2018

Қарағанды облысының 5,6 және 7 сынып оқушылары осы оқу жылынан бастап жаңа Өлкетану пәнін оқиды.

Сол аймақтың өлкесінен сыр шертетін оқулық қазақ және орыс тілдерінде басылып шығарылған. Облыс бойынша 58500-ге жуық дана басылмасы бар. Жаңа оқулықтың мазмұны тарих, география, қазақ әдебиеті, музыка, өнер және тағы басқа білім беру салаларын қамтып, біріктірілген оқу құралы ретінде ұсынылған. Оқулықтың авторы жаңа пән оқушыларға патриоттық тәрбие беріп, Отанға деген сүйіспеншілік, туған өлкесіне, отандастарына, жеріне деген мақтаныш сезімдерін оятады деген сенімде.       Әбдікерова Бақытгүл, Өлкетану оқулығының авторы:

- Шет ауданда тұратын болса, ол ауданның тарихын білетін болса, бұл оқулықтан Ұлытау, Жаңарқа ауданындағы керемет тарихи орындардың бар екенін  де білетін болады. Бұл оқулықта тек қана тарихи орындар емес, оның ішінде туған жердің таланттары бар, билер, шешендер, ақындар.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында бес мектеп жабылады Көкшетаулық жасөспірім халықаралық олимпиададан жүлделі оралды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы