366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы балалар үйлерінің бірінде тәрбиелеудің жаңа әдісі енгізілді

  • 152
  • UPD: 23:09, 18.09.2018
Астанадағы балалар үйлерінің бірінде тәрбиелеудің жаңа әдісі енгізілді

Астанадағы балалар үйлерінің біріне балғындарды тәрбиелеудің жаңа әдісі енгізілді.

Мұнда Qstudy (Ку стади) білім беру орталығы ашылып, балалар робот техникасы, шахмат, ән-күй секілді алуан түрлі үйірмелерге қатыса алады. Айту керек, жақында бұл мекеме трансформациядан өткен. Сөйтіп, 86 млн теңге үнемделді, дейді балалар үйінің директоры. Бұл қаржы тәрбиеленушілердің тұрғын үй-тұрмыстық һәм білім беру жағдайын жақсартуға бағытталды. 

Динара Закиева, Астана қаласы балалар үйінің директоры:

- Біз баланың бойымен қатар ойы да өскенін қалаймыз. Сондықтан бұл орталықта робот техникасы, инженерия, тігін, ағаш шеберлігі секілді үйірмелер бар. Балабақшадағы баладан кәмелетке толған жеткіншекке дейінгі тәрбиеленушілердің қабілеттерін ашуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы