365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс

  • 478
  • UPD: 23:23, 07.10.2018

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санайтындығын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс», – деді Елбасы. Осы ретте жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетінін айтқан Президент орта білім беру жүйесіне қатысты мынадай мәселелерді атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Осы категория бойынша: « Жолдау. Үш ауысымды оқу мәселесінің шешімі түйткілді тарқатады Электронды оқулықтар оқушылардың ауыр сөмкесі мәселесін шешеді - Ерлан Сағадиев »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы