360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде жел салдарынан сабақ болған жоқ

  • 101
  • UPD: 14:56, 13.10.2018
Семейде жел салдарынан сабақ болған жоқ

Облыстық Білім басқармасының ақпарат таратты.

Ақпаратқа сәйкес, Семейде екінші ауысымда оқып жүрген 1-9 cынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.

Облыстық ТЖ департаментінің сайтында Семейде мектептердің екінші ауысымда оқитын оқушылары үшін сабақ тоқтатылғаны туралы хабарланды. Қалада 20 м/сек жылдамдықпен қатты жел соғып тұр. Сондай-ақ қазір Өскеменде де жел күшейіп келеді. Синоптиктер оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 22 м/сек дейін жететіні туралы ескертті. «Қазгидромет» РМК ақпаратынша, 14 қазан күні Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын түсіп, таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/сек жылдамдықпен соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа қарай ауысып, жел екпіні 23-28 м/сек дейін жетеді.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы