376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте жаратылыстану ғылымдарының болашағы талқыланды

  • 237
  • UPD: 16:37, 07.12.2018
Шымкентте жаратылыстану ғылымдарының болашағы талқыланды

Шымкенттегі медицина академиясына жиналған жас ғалымдар биология, медицина және фармацияның даму болашағын талқыға салды.

Дәстүрге айналған ғалымдардың басқосуын өткізуге ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры мұрындық болып келеді. Осымен алтыншы рет өтіп отырған халықаралық ғылыми конференцияға Ресей, Өзбекстан, Қырғыз елі, Тәжікстан, Түркіменстан мен елімізден 300-ден астам магистрант және докторлар қатысып жатыр. Олар мейірбике ісін модернизациялау, медицинадағы инновация соның ішінде дәрілер технологиясы, биотехнология және нанотехнологияға өз көзқарастарын білдіріп ойларын ортаға салды. Биылғы конференцияға шет мемлекеттерден 700-ден астам ғылыми жұмыстар келіп түскен. Солардың ішіндегі үздік деген жобаларға Тұңғыш Президент қоры грант бөлмек. 

Сухраб Жаппаров, ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы қорының ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары:

- Біз жас ғалымдардың баяндамасына мән беріп бағалаймыз. Ең мықты деген жобаларды таңдап алып, ғылыми бағытта оларға көмек көрсетеміз. Әрине дарындар бар ішінде. Ол осы өңірден де шығуы мүмкін. Тіпті шетелдіктердің арасынан да табылып жатады.

Хабар 24 телеарнасы