375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Нобель қорының жұмысына белсенді атсалысуда

  • 448
  • UPD: 23:40, 21.01.2019

Бұл біздің елде жаратылыстану ғылымдары мен іргелі зерттеулердің дамуы қарқынды екенін аңғартады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Швецияда қазақстандық ғалымдардың қатысуымен геронтологияны дамыту жөнінде халықаралық симпозиум өтіп, онда белгілі швед ғалымы Эрлинг Норрбюдың кітабы таныстырылды. Бұл туынды Қазақстанның қолдауымен басылып шыққан.

Адам өмірін ұзарту және физиологиялық мүмкіндіктерін барынша толық пайдалану мәселесі үнемі ғалымдарды қызықтырады. Осы ретте аталған салада жұмыс істейтін әлемнің жетекші мамандары геронтолияны дамыту жөніндегі халықаралық симпозиумда бас қосты. Ғалымдар адам өмірін ұзартудың ең жаңа тәсілдері туралы баяндап берді.

Владимир Хавинсон, РҒА мүше-корреспонденті:

- Өмір сапасын жақсартып, оның ұзақтығын қамтамасыз ету үшін тұрмыс дәстүрін өзгертіп, биоритмді сақтап, тамақ құнарлығын шектеп және дене жаттығулары, яғни жаяу жүру, суда жүзу және дер кезінде дәрігерлерге қаралу секілді бастамаларды қолға алу керек.

Симпозиум аясында соңғы ғылыми зерттеулер мен белгілі ғалымдардың осы саладағы жаңа еңбектері таныстырылды. Мәселен, Швецияның белгілі академигі Эрлинг Норрбюдың осы тақырыптағы кітабы «Назарбаев Университеті» және Қазақстанның тұңғыш Президенті қорының қолдауымен басып шығарылған.

Владимир Хавинсон, РҒА мүше-корреспонденті:

Төрт кітапты аудардық. Соңғысын «Назарбаев Университетінің» қолдауымен аударып, басып шығардық. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ғылым мен денсаулық сақтаудың дамуына зор көңіл бөліп жүр. Қазақстан – ТМД елдері арасындағы осындай дамудың ең табысты үлгісі. Осылайша, Қазақстан Нобель қорының жұмысына кірісіп кетті, ал бұл елде ғылымның дамуына зор мән беріледі.

Валерий Бенберин, Қазақстан ғылым академиясының мүше-корреспонденті:

- Бұл түрлі елдердегі көптеген ғалымдардың көпжылдық зерттеулерін қорытындылап, болашақта саланың дамуын белгілеген маңызды ғылыми еңбек. Осы кітап әлемнің ең үздік университеттері және Нобель комитеті мен Швеция акдемиясының мұрағатында өз орнын тапты.

Ғылыми конференцияның нәтижесінде Қазақстанның Нобель қорымен ынтымақтастығын бағдарлау мүмкін болды. Еліміздің шақыруымен Эрлинг Норрбю Астанаға келіп, «Назарбаев Университеті» студенттері үшін бірнеше дәріс оқитын болды.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы