389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

  • 1332
  • UPD: 16:22, 14.02.2019
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Осы атаулы күнге орай Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханаға  елімізге танымал жазушы Әлібек Асқар өзінің жеке кітап қорынан 100-ден астам  әдебиет тарту етті.

Осылайша  қаламгер кітап қорын байытуға алғаш болып қолдау көрсетіп, әдемі бастамаға ұйытқы болды. Кітапханашылардың айтуынша  бүгінде  оқырман талабына сай кейбір шығармаларды табу мүмкін емес. Оның ішінде әсіресе қазақ тіліндегі бірегей туындылар мен жинақтар жоқтың қасы. Жерлес жазушы сыйлаған  кітаптар осы қажеттілікті дөп басып отыр.

Райхан Жанұзақова, О.Бөкей атындағы кітапхана қызметкері:

- Затаевичтің мысалы музыка туралы жазған кітабы, біз сол кітаптарды таба алмай оқырмандар сұраныснда жүрген кітаптар болған. Одан басқа да Бибігүл Төлегенова туралы, қазақ халқының кезіндегі Ұлы ғасыр көші туралы, тарихымыз туралы кітаптар. Менің үмітім бар осы ары қарай да жалғастырса деген, біздің ақын-жазушыларымыз.

Хабар 24 телеарнасы