389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырбойылық ұстаздар Nur Otan партиясы съезінің шешімдерін қолдайды

  • 686
  • UPD: 08:53, 28.02.2019
Сырбойылық ұстаздар Nur Otan партиясы съезінің шешімдерін қолдайды

Тәуелсіздік жылдары оқу-ағарту саласы да серпілді. Әсіресе орта білім беру мектептерінің әдістемелік-материалдық базасы жаңғырды. Ендігі меже – білім стандартын әлемдік деңгейге жеткізу.

Nur Otan партиясының съезінде Мемлекет басшысы осындай бастама көтерді. «Жас ұрпақтың білім-білігін арттыру тұрғысында жүйелі, жоспарлы, кешенді шаралардың қолға алынуы – кемел келешектің кілті дейді сырбойылық ұстаздар.

Жеткерген Жаншораев, Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары:

- Nur Otan съезі барысында қазіргі қазақстандықтардың жаңа инновациялық буынын дайындау, педагогтардың әл-ауқатын көтеру және жалпы білім саласын көтеру жөнінде. Дамыған мемлекет пен дамушы мемлекеттер арасындағы айырмашылық олардың білім саласында. Ішкі жалпы өнімнің 10% білім және ғылымға бөлу ол үлкен мемлекеттердің әрекеті.

Хабар 24 телеарнасы