389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «WorldSkills Oral» өңірлік чемпионаты өтіп жатыр

  • 586
  • UPD: 09:02, 29.04.2019
Оралда «WorldSkills Oral» өңірлік чемпионаты өтіп жатыр

Оралда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері  арасында «WorldSkills Oral» өңірлік чемпионаты өтіп жатыр.

Байқау барысында болашақ маман иелерінің өз кәсіптерін қаншалықты меңгергені сарапқа түседі. Үздік шыққандары ұлттық чемпионатта аймақ намысын қорғайды. Биылғы сынның облыстық кезеңіне 155 үміткер қатысып, өзара шеберлік байқасты.

Мөлдір Берікқалиева Орал сервис және жаңа технологиялар колледжінде кондитер наубайшы мамандығына оқып жүр. Келешекте өз кәсібін ашуды армандайтын жас мұндай байқаулардың берері мол деп санайды. 

Мөлдір Берікқалиева,  жарысқа қатысушы: 

- Мен өз мамандығымызды өз болашағым және өмірім деп білемін. Егер де өз мамандығыңыды сүйе білсең ол мамандық өзінің жемісін береді. Өз мамадығыңа ғашық бола білу керек, өз мамандығыңа жай ғана жұмыс деп қабылдамай, өзімнің жеп отырған наным деп қабыдау керек.

Болашақ дәнекерлеуші, темір жонушы, кондитер және дизайнер секілді мамандық иелерінің шеберлігін бағалауға 148 сарапшы тартылыпты. Мәселен, энергетика саласында оқып жатқан жастар трансформатор зауытында сынақтан өтті.

Нұржан Абдуллаев,  трансформатор зауытының өндірістік директоры:

- Сарапшылардың қойылған 1,2,3-орындар алған студенттер республикалық жарысқа қатысады. Республикалық жарыстан өткендер әлемдік сайыстарға қатысады. Біздің жұмыс энергетика, электромонтаждау жұмысымен тікелей байланысты. Электромонтаждау жұмысынан жарыс өтіп біз де өз үлесімізді қосып,  практика жүзінде біз де тәлім беріп отырмыз.

«WorldSkills ORAL» чемпионаты өңірде биыл 4-мәрте ұйымдастырылып отыр. Жергілікті колледж студенттерінің жетістіктері баршылық. Бұған дейін елордада өткен Ұлттық чемпионатта оралдықтар «дәнекерлеу ісі», «мектепке дейінгі тәрбие» аталымдары бойынша жүлделі орындарды еншіледі. 

Ақұштап Құспан, «WorldSkills Oral» чемпионатының сарапшысы: 

- Мақсатымыз осы Орал қаласында 24 компетенция бойынша әртүрлі кәсіптік колледждер қатысуда. Бұл мамандықтар қатысушылардың әрі қарай дамуына, жетілуіне үлес қосатын үлкен жоба. Және бұл болашақта өздерінің мамандықтарына әкелетін, өздеріне жетістік беретін біздің ұлттық конкурсымыз.

Еңбек нарығында жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие. Колледждерді тәмамадайтын түлектердің 70 проценті бірден тұрақты жұмысқа орналасатыны соған делел. Чемпионат мақсаты да жұмысшы жəне техникалық мамандықтардың мəртебесін арттыру. Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау дейді сарапшылар.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы