378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тағы қазақстандық магистранттар оқуын бітірді

  • 206
  • UPD: 20:24, 12.05.2019

АҚШ-тың Сиракуза университетіндегі Максвелл мектебінде қазақстандық магистрантардың оқуды бітіруіне орай салтанатты шара өтті.

Мемлекеттік қызмет академиясында Мемлекеттік саясат мамандығы бойынша білім алған магистранттар екі дипломды дәрежеге ие болды. Бұл америкалық жоғары оқу орнында білімдерін ұштаған азаматтарымызға мол мүмкіндік ашады.

Қазақстанның тұрақты даму бойынша алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін жоғары білікті мамандарды дайындауға көп мән берілген. Бұл мәселеде мемлекеттік қызметкерлерге назар ерекше. Себебі саяси және экономикалық бағдарламаларды жүргізу көбіне олардың білімі мен тәжірибесіне байланысты.

Бауыржан Боқаев, мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры:

- Мемлекеттік басқару академиясы Елбасының жолдауын орындау шеңберінде жаңа форматтағы мемлекеттік қызметкерлерді дайындауға күш салып келеді. Осы бағытта қазір әлемде мемлекттік менджемент және мемлекеттік басқару саласында алдыңғы орынды иеленетін Сиракуз унверситетімен ынтымақтастық орнатылған. Бізге шәкірттеріміздің әлемдік тәжірибені үйренгені маңызды.

Сиракуза университетінде білімін ұштаған қазақстандық магистранттар - еліміздің әр аймағында жұмыс істеген Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің шәкірттері. Самат Зияшев Қарағанды облысы Теміртау қласындағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы болып қызмет еткен. Әсел Биназарова Ұлттық экономика министрлігінің басқарма басшысы, ал Арнұр Сартов Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігі аппаратының жетекшісі болған. Олардың барлығы Сиракуза университетінде академиялық алмасу бағдарламасы бойынша білім алды.

Самат Зияшов, магистрант:

- Бүгін осы екі дипломдық бағдарлама бойынша мемлекеттік басқару академиясының арқасында біз осындай білім алып жатырмыз. әрине мен сенмідімін болашақта осы білімім өз еліме көп пайда әкелетінен сенімдімін. 

Әсел Биназарова, магистрант:

-Біз мұнда мемлекеттік реттеу мәселелерін оқып, халықаралық тәжірибелерді зерттеп үйрендік. Алда мемлекеттің және академияның бізге артқан үмітін ақтап, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз деп сенемін.

Сиракуза университеті Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастықты стратегиялық деп санайды. Максвелл мектебінің кәсіптік даму департаментінің директоры Стивен Лакс тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып, оқу орынына Академияның ең үздік шәкірттері таңдап алынғанын жеткізді.

Стивен Лакс, Максвелл мектебі кәсіби даму департаментінің директоры:

- Біз қазақстандық студенттерді қабылдауға әрқашанда дайынбыз. Халықаралық ынтымақтастық бойынша тәжірибеміз мол. Академияның шәкірттері алған білімдерін Қазақстанның мемлекеттік басқару, бюджетті дайындау, саяси сараптама және көшбасшылық саласында кеңінен қолданады деп сенеміз.

Мемлекеттік басқару академиясы Тұңғыш Президент Елбасының жалпыұлттық жолдауындағы жоғары білікті мемлекеттік мамандарды дайындау туралы бөлігін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Қазақстанның Батыс елдерінің білім орталықтарымен осы бағыттағы ынтымақтастығы арта түспек.

Авторлары: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров

Хабар 24 телеарнасы