383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмысшы мамандығын оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы өседі

  • 241
  • UPD: 22:47, 28.06.2019
Жұмысшы мамандығын оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы өседі

Жаңа оқу жылынан бастап жұмысшы мамандығы бойынша білім алып жатқан колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыркүйек айынан бастап кәсіптік білім қуған жастардың стипендиясы 16 759 теңгеден 21 мың 787 теңгеге көтеріледі. Осыған байланысты Республикалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінеді. Оның екі жарым миллиарды биыл игерілуі тиіс. Бүгінде елімізде жалпыға арналған кәсіптік білім жобасы аясында 122 мыңнан аса студент біліп алуда. Соның 75 проценті әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан. Олар бір уақыт ыстық тамақпен қамтылып, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүре алады.      

Ернат Жүнісов, ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары:

– Бүгінгі күні стипендияны тағайындау, төлеу ережесіне өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жалпы, бұл жұмысты біз қыркүйектен бастадық, жұмысшы мамандығымен оқитын студенттерге стипендия төленетін болады. Стипендияның көлемі 21787 теңгеге көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы