383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің 70% «Күнделік» жүйесіне көшкен

  • 194
Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің 70% «Күнделік» жүйесіне көшкен Днепр Час

Болашақ ұстаздар «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жоғары оқу орындарында оқиды.

Өйткені мектепке жұмысқа барған жас мамандардың дені электрондық күнделік жүйесін толық меңгермеген. Қазір еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің 70 проценті «Күнделік» жүйесіне көшкен. Сондықтан жобаны жетілдірушілер жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуды көздеп отыр. Айталық олар Павлодар мемлекеттік  педагогикалық университетімен өзара меморандумға қол қойды. Бұл білім ошағы педагог мамандарды даярлау үрдісіне жаңашылдықтер енгізбек. Бұл ретте жұмыс беруші тарап пен ата-аналардың талаптары ескерілетін болады. Айта кету керек, биыл университет жобалық менеджмент жүйесіне көшті.

Елена Игнатова, ПМПУ академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры:

– Қазір пәнаралық байланыстар өте өзекті. Бұл тақырып үш пән арқылы жүзеге асады. Информатикада студенттер платформаның сырт келбетімен, оқудың жаңа тәсілдерімен танысады. Білімді критерийлер бойынша бағалау технологиясын игереді. Сонымен қатар білім беру әдістемесінде олар мектепте өз көздерімен көру арқылы бағалауды үйренеді.

Асқар Қонақбаев, күнделік жүйесін дамыту жөніндегі директоры:

– Бағдарламаны үнемі жетілдіріп әрі жаңғыртып отырамыз. Жаз мезгілінде біз мұғалімдер мен ата-аналарға арналған қосымша бірқатар функцияны енгізбекпіз. Пәнді жүргізуші ұстаздардың жұмысын мейлінше жеңілдетіп, электронды күнделікті неғұрлым қолайлы ету біздің басты мақсатымыз. Қыркүйектің 1-де бағдарламаға енгізілген жаңашылдықтарды көрген ұстаздардың оң баға беретініне сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы