386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда балалар балабақшаға екі жастан бастап баруы мүмкін

  • 242
  • UPD: 22:55, 17.08.2019
Қазақстанда балалар балабақшаға екі жастан бастап баруы мүмкін

Балалардың балабақшаға бару кестесі қайта қаралады.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дәстүрлі Тамыз конференциясында мәлімдеді.

«Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі сапалы білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады. Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылы 1 қыркүйектен бастап балаларды ерте жастан дамыту бағдарламасы енгізіледі. Бүгінде екі жастағы балаларды қамту мәселесі өзекті болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, үштен алты жас дедік. Алты жастағылардың көбі 1-сыныпқа барып жатыр. Сондықтан екі жастағы балаларды қамту мәселесін жолға қою қажет», - деді А.Аймағамбетов.

 

Хабар 24 телеарнасы