387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде білім мекемелерінің 80 проценті жаңа оқу жылына дайын

  • 156
  • UPD: 14:56, 24.08.2019
Семейде білім мекемелерінің 80 проценті жаңа оқу жылына дайын

Семей қаласындағы білім мекемелерінің 80 проценті жаңа оқу жылына дайын. Бұл мәліметті арнайы комиссия мүшелері мәлімдеді.

Оның құрамына білім бөлімінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері және ата-аналар кіреді. Комиссия жаңа оқу маусымына дайындығын тексеру үшін мектептер мен балабақшаларды аралайды. Облыстық бюджеттен он мектепті әлеуметтік бейімдеуге және IT-сыныптармен жабдықтауға 600 млн қаражат бөлінді. Егер өткен жылы заманауи ІТ-сыныптар тек толық жиынтықты мектептерде пайда болса, жаңа оқу жылынан бастап осындай кабинеттер 16 шағын топтарда да пайда болады.

Хабар 24 телеарнасы