386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қазақ мектебі ашылды

  • 116
  • UPD: 08:52, 02.09.2019

600 балаға арналған оқу ордасы тың технологияларға негізделген. Сыныптарға LED экрандар қойылып, қосымша кабинеттер ашылды. 

Оқу жылы басталды. Бала үшін сабақ, ата-ана үшін үй жұмысы. Жаңа мектептің табалдырығын 70 бала алғаш рет аттады. Солардың бірі – Аяла Маратқызы. 6 жастағы қыз оқу – жазуды үйреніп алған. 

Аяла Маратқызы, 1-класс оқушысы:

- Мен мектепке дайындалдым жақсы. Бүгін мені мама мен папа құттықтады 1-класпен. Және бүгін маған кисточка салып бермеді. Бәрін салып берді. Мен бірінші классқа келдім. 

Қазақ мектебінің құрылысына 1 млрд. 650 млн теңге кетті. Білім ордасы озық құрал-жабдықтармен қамтылған. Сыныптарға LED экран мен интерактивті тақталар орнатылған. Еңбекке баулитын сыныптар да жетерлік. 

Сәуле Тұрсынова, № 25 орта мектеп директоры:

- Технология кабинетінде 4 бөлме. Қыздар үшін кулинария бөлмесі. Тігін бөлмесі. Ағаш, темір жөндеу, өңдеу бөлмелері. Және де бір жаңалық – біздің саз балшықпен құмыралар жасау кабинеті берілді. 

Петропавлда тағы екі мектеп салынып жатыр. Соның бірі биыл «Жас өркен» ықшам ауданында ашылады. Бұл 3 ауысым мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік береді. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бұл Петропавл қаласында соңғы 12 жылда салынған алғашқы мектеп. Оны әсіресе «Береке» ықшам ауданының тұрғындары көп күтті. Өйткені осы жақтың балалары орталыққы барып оқитын.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы