389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 34 мұғалім дипломсыз жұмыс істеп келген

  • 250
  • UPD: 16:27, 14.09.2019

Білім ордаларында еңбек ететін 34 ақтөбелік мұғалімнің дипломы жоқ боп шықты. Прокурорлық тексеру кезінде олар жалған құжатпен жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

7-і арнаулы білім беретін колледждерде, 11-і мектептерде және 13 тәрбиеші балабақша бөбектерімен жұмыс істеген. Тіпті музыкалық колледжде, фортепиано класында біліктілігі құжатпен дәлелденбеген 5 азамат тәлім берген. Қолындарындағы құжатқа сәйкес олар Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетті тәмәмдаған. Алайда прокурорлар бұл жоғары оқу орнында аталмыш мамандарды даярлайтын факультеттің жоқ екендігін айтып отыр. Сондай-ақ қадағалаушы орган ел аумағында диплом саудалаған 19 интернет парақшасының қызметін тоқтату туралы сотқа арыз берді.

Бақытжан Ешмағамбетов, Ақтөбе қаласы алматы ауданы прокурорының орынбасары:

- Талдау нәтижелері бойынша көрнеу, жалған құжаттарды пайдаланғына үшін және осы құжаттарды әзірлеген тұлғаларды анықтау мақсатында материалдар ішкі істер органдарына жолданды. Осымен бірге Ақтөбе қаласы әкімінің атына және білім басқармасы атына заңбұзушылықты жою туралы ұсынулар енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы