389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтай Көлгінов ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады

  • 170
  • UPD: 23:15, 04.10.2019

Халықаралық мұғалімдер күні қарсаңында елордада «Qaldyrǵan iziń mángilik» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға екі мыңнан астам педагог қатысты. Ал үздік мұғалімдер қала әкімі қолынан арнайы марапат алды. Алтай Көлгінов ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап, олардың бала тәрбиесіндегі орнын ереше атап өтті. Бүгінгі күнде бас шаһарда 110 мектеп, 300-ден астам балабақша және 32 колледж бар. Онда жалпы саны 17 мыңға жуық ұстаз еңбек етеді. Әртүрлі деңгейдегі педагогтар 265 мың балаға тәлім-тәрбие беруде.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

Педагог тек мамандық ғана емес. Бұл жоғары білімді, рухани қасиеттерді талап ететін өмірлік мұрат екені сөзсіз. Қазір біздің оқушылардың саны 183 мың болды. Он жыл бұрын қарайтын болсақ, 75 мың болған. Қарасаңыздар, екі есе өскен. Яғни, мұғалімге де салмақ артып келеді. Оның барлығын біз білеміз.

Алтынай Молдаханова, мұғалім:

- Бүгінгі марапатым Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері атағы. Бұл атақты неше жылғы жұмыс-тәжірибемнің, болашақ ұрпақты тәрбиеулеудегі еңбегімнің ақталып жатқаны деп қараймын. Бірақ бұл маған үлкен жауапкершілкті жүктейді. Мұнынен тоқтап қалмай, әрі қарай болашақты қалыптастыруда еліміздің ертеңіне жауап беретін менде үлкен міндеттер тұр.

Хабар 24 телеарнасы