388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 3 мыңға жуық түлек қосымша грантқа ие болды

  • 289
  • UPD: 10:34, 31.10.2019
Қазақстанда 3 мыңға жуық түлек қосымша грантқа ие болды bilimdinews.kz

Республикалық конкурстан кейін бос қалған ЖОО-ға арналған мемлекеттік гранттар қайта тағайындалды.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов хабарлады.

«Көптен күткен ақпаратпен бөлісейін, конкурстық тағайындаудан кейін бос қалған жоғары білім берудің 2983 грантын беру нәтижелерін grant.testcenter.kz сілтемесі арқылы (ТЖК және ЖСН бойынша) білуге болады», – деп жазды Д.Смағұлов өзінің Facebook парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы