423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтарға ҚХР оқу орындары білім грантын ұсынды

  • 750
  • UPD: 11:33, 18.12.2019
Қазақстандықтарға ҚХР оқу орындары білім грантын ұсынды

Қазақстан мен Қытайдың Білім және ғылым министрліктерінің өзара келісіміне сәйкес, көрші ел қазақстандықтарға 86 білім грантын ұсынып отыр.

Үміткерлер келесі жылдың 10 қаңтарына дейін тиісті құжаттарды тапсыруы тиіс, деп хабарлайды Елорда Инфо Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым министрлігінің арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қытай үкіметі Қазақстан азаматтары үшін бакалавриат, магистратура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша 86 білім грантын бөлді», – делінген хабарламада.

Қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс; бакалавриатқа үміткерлердің орта мектеп бітіргені туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс; магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс; докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс; үміткерлер бакалавр дәрежесін алу үшін HSK 3 деңгейден кем емес жарамды сертификатты ұсынуы тиіс; магистратураға және докторантураға үміткерлер оқуды қытай тілінде таңдаған жағдайда HSK 4 деңгейден кем емес жарамды сертификатты ұсынуы тиіс.

«Оқуда жүрген үміткерлер оқу бөлімінің куәландырған қытай немесе ағылшын тілдерінде аудармасы бар, оқу кезеңінің аяқталатын күні көрсетілген, мектептен (колледж, ЖОО) берілген түлек мәртебесі туралы нотариалды куәландырылған анықтаманы ұсынады», – делінген хабарламада.

Грант келесі шығыстарды қамтиды: тегін оқу; бакалавриат бағдарламасына арналған ай сайынғы стипендия – $350, магистратураға – $420, докторантураға – $490; медициналық сақтандыру; жатақхана (немесе жалға алатын тұрғын-жайдың төлемі айына шамамен $90-140);

Қытай сайтында онлайн-тіркеу және толық құжаттар пакетін қолма-қол қабылдау мерзімі – 2020 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда.

Құжаттар онлайн және қолма-қол қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы