377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ университеті павлодарлық оқушыға оқу грантын берді

  • 160
  • UPD: 13:11, 19.12.2019
АҚШ университеті павлодарлық оқушыға оқу грантын берді

Әлемдегі атақты университеттер бестігіне кіретін Массачусетс технологиялық институты павлодарлық Владислав Черданцевқа грант ұсынды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бағдәулет Нұрматтың мәлімдеуінше, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Владислав Черданцев Массачусетс технологиялық университетінде (АҚШ) оқуға толық грант жеңіп алды.

«Университет Владиславтың жетістіктерін көргеннен кейін оқу грантын беріп отыр. Massachusetts Institute of Technology (MIT) – оқу орны ғана емес, ірі зерттеу орталықтарының бірі. АҚШ және әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарына жатады. Кембридж қаласында орналасқан оқу орны әлемдегі атақты университеттерінің алғашқы бестігіне кіреді. Университет робототехника және жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері елдегі ең таңдаулы болып саналады», - деді Бағдәулет Нұрмат.

Владислав Черданцев – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы және жүлдегері. Владислав Минск және Санкт-Петербургте өткен химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасының қола жүлдегері, Нидерландыдағы халықаралық жаратылыстану жасөспірімдер олимпиадасында да жеңіс тұғырынан көрінген. 2019 жылдың шілдесінде Парижде өткен Менделеев олимпиадасының күміс медалін жеңіп алған.

Айта кетейік, оқушы жақында ғана Тұңғыш Президент қорының 1 млн теңге сыйақысына ие болған.

Хабар 24 телеарнасы