445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық студент ЖОО-дағы жемқорлықпен күресуге болатынын дәлелдеп берді

  • 297
  • UPD: 13:23, 12.01.2020

Қарағандылық студент Данияр Жаңабаевтың жобасы Ресейде өткен халықаралық конференцияда үздік деп танылды. 

4-курс студенті өз баяндамасында өзін өзі басқару жүйесі арқылы жоғарғы оқу орнындағы сыбайлас жемқорлықпен күресуге болатынын дәлелдеп берген. Оның ішінде цифрландырудың маңыздылығына тоқталған. Арнайы комиссия шешімімен қазақстандық студент 1-орынға ие болды . Айта кетейік, Данияр бұл жобаны өзі оқитын университетте іске асырған. Студенттер өзін өзі басқару бағытында республикалық жүйемен  жұмыс істейді. Студенттік басқару жүйесінде  жемқорлыққа қарсы министрі де тағайындалған. Егер сыбайлас жемқорлыққа жол берілген  жағдайда университеттегі республика мүшелері коллегиялық түрде бір шешімге келіп, ректорға ұсынады. Конференцияға әлемнің 10 елінен 200-ге жуық студент қатысқан.

Данияр Жанабаев, студент:

- Ұлттық коррупцияға қарсы агенттігінің басшысы болды Ресей федерациясының сол кісі өте жоғары бағалады біздің жұмысымызды. Оның айтуынша, өзін өзі басқару студенттік республика жүйесінде осындай пішінде жасалған жобаны бірінші рет көрген. Өте жоғары деңгейде бағалады және болашақта көп табыстар тіледі бізге.

Хабар 24 телеарнасы