411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлектерге тегін ноутбук таратылады

  • 159
  • UPD: 14:31, 15.05.2020
ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлектерге тегін ноутбук таратылады

Ұлттық тестілеу орталығы осы жылғы мектеп түлектеріне жаңа үлгідегі жоғары сапалы, заманауи ноутбук сыйға тартады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін оқушы ұлттық біріңғай тестілеуден 140 балл жинауы керек. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.Сондай-ақ биылғы тестілеуге бірқатар өзгерістер енгізілді. Егер бұрын оқушыдан тыйым салынған заттар табылса ол емтиханға жіберілетін. Ал биылғы өзгеріс егер металлөткізгіштен тестілеуде қолданбау керек дүние табылса тест тапсырушы сол сәтте емтиханға жіберілмейді.

Хабар 24 телеарнасы